Malim.kz
Қоғам

"Топырағы торқа болсын": Мақпал Жүнісова марқұм Асанәлі Әшімовтің қырық күндік асында жүрекжарды сөзін айтты (ВИДЕО)

Мадияр Қапанбек
Arasha.kz коллажы

Қазақ эстрадасының белгілі өкілі Мақпал Жүнісова марқұм Асанәлі Әшімовтің қырық күндік асына қатысып, жүрекжарды естелік сөзін айтты, деп хабарлайды Malim.kz.

Ас барысында Мақпал Жүнісова марқұмның жары Бағдат Әшімоваға арнайы қайырылып, қайғыдан кейін бұл шаңыраққа енді тек амандық тілейтінін жеткізді.

"Енді бұл отбасыда қайғы болмасын. Асанәлі ағамыздың кім екенін бүкіл қазақ біледі. Енді оның шын өмірі басталды. Біз ағамызды ешқашан ұмытпаймыз. Жатқан жері жайлы, топырағы торқа болсын", – деді әнші.

Айта кетейік, Асанәлі Әшімов 2025 жылдың 21 желтоқсанында 89 жасқа қараған шағында дүниеден өтті. Ол – Қазақстанның Халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, қазақ театр және кино өнерінің көрнекті тұлғасы, режиссер әрі профессор.

Өнер майталманы 1937 жылы 8 мамырда Жамбыл облысы Сарысу ауданының Жайылма ауылында дүниеге келген. 1956-1961 жылдары Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының театр факультетін актер мамандығы бойынша тәмамдаған.

Шығармашылық жолын "Қазақфильм" киностудиясында бастаған ол 1963 жылдан бастап Мұхтар Әуезов атындағы академиялық драма театрында актер әрі режиссер ретінде ұзақ жылдар қызмет етті. Асанәлі Әшімов қазақ кино өнерін әлемге танытқан бірегей актерлердің санатында.

Марапаттары мен атақтары

Өнердегі өлшеусіз еңбегі үшін Асанәлі Әшімов көптеген жоғары марапаттарға ие болды. Соның ішінде:

Мадияр Қапанбек
Автордың басқа материалдары