Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштерінің басшылығында кадрлық өзгеріс жасады, деп хабарлайды Malim.kz.
Ақорданың хабарлауынша, Президенттің өкімімен Әділ Мәлікұлы Сүбебаев Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштері Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінің қолбасшысы болып тағайындалды.
"Мемлекет басшысының өкімімен Әділ Мәлікұлы Сүбебаев Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштері Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінің қолбасшысы лауазымына тағайындалды", – делінген Ақорда хабарламасында.
Сонымен қатар осы қызметті бұған дейін атқарған Қайрат Сапарбекұлы Дәуітов Мемлекет басшысының өкімімен лауазымынан босатылды.
Қайрат Дәуітов Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінің қолбасшысы қызметіне 2024 жылғы 24 қыркүйекте тағайындалған болатын.