Malim.kz
Саясат

Тоқаев екі заңға қол қойды

Арман Қайыпхан
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, деп хабарлайды Malim.kz.

Сондай-ақ Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қаржы нарығын реттеу мен дамыту, байланыс және банкроттық мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.

Бұған дейін президент ЛГБТ насихатына толықтай тыйым салатын заңға қол қойған еді.

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары