Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Елімізде ЛГБТ насихатына толықтай тыйым салынды

Қоғам
Елімізде ЛГБТ насихатына толықтай тыйым салынды
Фото: Wikimedia Commons

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне архив ісі және құқыққа қайшы контенттің таралуын шектеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, деп хабарлайды Malim.kz.

Құжатта педофилияны және дәстүрлі емес жыныстық бағдарды насихаттайтын ақпаратты қоғамдық кеңістікте, бұқаралық ақпарат құралдарында, телекоммуникациялық желілерде және онлайн-платформаларда орналастыруға тыйым салу көзделген. Заңның негізгі мақсаты – балалардың құқықтарын қорғау.

Заң талаптары алғаш рет бұзылған жағдайда 20 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салу көзделген. Ал бір жыл ішінде құқықбұзушылық қайта тіркелсе, айыппұл көлемі ұлғайтылуы немесе 10 тәулікке дейін әкімшілік қамауға алу шарасы қолданылуы мүмкін.

Сенатордың айтуынша, бұл норма автоматты түрде емес, өтініш беру тәртібімен іске асады. Яғни міндетті түрде өтініш түсуі қажет, тек содан кейін ғана бағалау және тексеру рәсімі басталады.

Аталған бап бойынша құқық қолдану үдерісі өтініш негізінде жүзеге асырылады. Өтініш әртүрлі жолмен берілуі мүмкін: e-Otinish платформасы арқылы, өзге форматтағы шағым ретінде немесе полиция органдарына жолданған арыз түрінде. Негізгі қағида – өтініштің болуы. Алдымен өтініш тіркеледі, содан кейін ғана осы бап аясында нақты жұмыс жүргізіледі.

Сонымен қатар Руслан Рүстемов мониторинг жұмыстары тәулік бойы, яғни 24/7 режимінде жүргізіліп отырғанын айтты. Бұл ретте жалпы статистика қалыптастырылып, осындай сипаттағы контенттің шамамен қандай көлемде болуы мүмкін екені есепке алынады.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу