Malim.kz
Оқиға

Президент марқұм Александр Машкевичтің отбасына көңіл айтты

• Сұлу Бөлек

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев марқұм Александр Машкевичтің отбасына көңіл айтты, - деп хабарлайды Malim.kz тілшісі.

Бұл туралы Мемлекет басшысының кеңесшісі әрі баспасөз хатшысы Руслан Желдібай хабарлады.

"Президент Қасым-Жомарт Тоқаев белгілі кәсіпкер, қоғам қайраткері Александр Машкевичтің қайтыс болуына байланысты марқұмның жақын-жуықтарына көңіл айту жеделхатын жолдады. Мемлекет басшысы жеделхатта оның Қазақстан өнеркәсібін дамытуға сіңірген еңбегін атап өтті", - делінген хабарламада.

Еске салайық, бүгін Eurasian Resources Group (ERG) мен Еуразиялық қаржы компаниясының тең иесі Александр Машкевичтің 71 жасында қайтыс болғаны белгілі болды.

Фото: erg.kz

Сұлу Бөлек
Автордың басқа материалдары