Танымал кәсіпкер Александр Машкевичтің неден қайтыс болғаны айтылды

Eurasian Resources Group (ERG) және Еуразиялық қаржы компаниясының акционері, директорлар кеңесінің төрағасы Александр Машкевичтің неден қайтыс болғаны айтылды

Сұлу Бөлек

  • 22.03.2025

Eurasian Resources Group (ERG) және Еуразиялық қаржы компаниясының акционері, директорлар кеңесінің төрағасы Александр Машкевичтің неден қайтыс болғаны айтылды, - деп хабарлайды Malim.kz тілшісі.

Компания мәліметінше, ол ұзақ ауырған. Бұл туралы компанияның әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті. Ол 71 жасында қайтыс болды. 

Александр Машкевич туралы не белгілі?

Александр Машкевич - ERG компаниясының ірі акционерлерінің бірі. Ол бұл компанияны Патох Шодиев, Ибрагимовтер әулеті және Қазақстан үкіметімен бірге басқарған. ERG құрамына «Қазхром» трансұлттық компаниясы, Соколов-Сарыбай кен-байыту өндірістік бірлестігі, «Қазақстан алюминийі» және Қазақстан электролиз зауыты сынды ел экономикасы үшін маңызды кәсіпорындар кіреді.

Сонымен қатар Машкевич Патох Шодиев пен Ибрагимовтермен бірге «Еуразиялық қаржы компаниясы» АҚ, «Еуразиялық өнеркәсіп компаниясы» АҚ және «Еуразиялық өндірістік компания» ЖШС-нің де тең иесі болды.

Ол «Еуразиялық қаржы компаниясы» АҚ мен «Еуразиялық банк» АҚ директорлар кеңесіне жетекшілік етті, Қазақстан Президенті жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің мүшесі, сондай-ақ Қазақстанның Ат спорты федерациясының құрметті президенті қызметтерін атқарған.

Фото:  Instagram / @ergkazakhstan

Байланысты жаналықтар

Шерзат ісі: айыпталушылардың бірі өтірік айтқанын мойындады

16.05.2025

Бішкекте қазақ кәсіпкері Ерқанат Жұмабековке іздеу жарияланды

15.05.2025

Шерзат ісі: судья ескерту жасады

15.05.2025

Шерзат ісі: айыпталушылардың бірі бұған дейін адамға шабуыл жасағаны үшін 7 жылға сотталған

14.05.2025

Ливияда қақтығыс болып, қауіпсіздік қызметінің басшысы қаза тапты

13.05.2025

Марғұлан Сейсембай ауруханада жатқан Руслан Берденовпен кездесті

09.05.2025
MalimBlocks
Шерзат ісі: айыпталушылардың бірі өтірік айтқанын мойындады

Бішкекте қазақ кәсіпкері Ерқанат Жұмабековке іздеу жарияланды

Шерзат ісі: судья ескерту жасады

Шерзат ісі: айыпталушылардың бірі бұған дейін адамға шабуыл жасағаны үшін 7 жылға сотталған

Ливияда қақтығыс болып, қауіпсіздік қызметінің басшысы қаза тапты

Марғұлан Сейсембай ауруханада жатқан Руслан Берденовпен кездесті

Ол Берденовті «адал, тәртіпті, нағыз отаншыл азамат» деп атап өтті