Malim.kz
Саясат

Тоқаев Мәскеудегі Жеңістің 81 жылдығына арналған іс-шараларға қатысады

Арман Қайыпхан
Фото: Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуде өтетін Ұлы Жеңістің 81 жылдығына арналған салтанатты іс-шараларға қатысады, деп хабарлайды Malim.kz.

Кремль Қазақстан Президентінің бұл шешіміне ризашылық білдіріп, Мәскеуге жасайтын жұмыс сапарын достық қадам деп атады.

Сапар аясында Қасым-Жомарт Тоқаевтың Владимир Путинмен кездесуі жоспарланған.

Мемлекеттер басшылары Ресей Президентінің мамыр айының соңында Қазақстанға жасайтын сапары қарсаңында стратегиялық ынтымақтастықтың басты мәселелерін талқылайды.

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары