Malim.kz
Саясат

Тоқаев пен Бердімұхамедов Түркістанда кездеседі

Сабина Асқарқызы

Түрікменстанның Халк Маслахатының төрағасы Гурбангулы Бердімұхамедов 21-22 сәуір күндері Қазақстанға екі күндік сапармен келеді, деп хабарлайды  Malim.kz.

Бұл туралы Ақорда мәлім етті.

Сапар аясында Түркістан қаласында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевпен бейресми кездесу өтеді. Ақорда таратқан мәліметке сәйкес, тараптар қазақ-түрікмен стратегиялық әріптестігін нығайту жолдарын талқылайды.

Келіссөз барысында қазақ-түрікмен стратегиялық серіктестігін одан әрі нығайту перспективасы және өңірдің күн тәртібіндегі өзекті мәселелері талқыланады, – деп жазылған Ақорданың телеграм арнасында.

Фото: Ақорда

Сабина Асқарқызы
Автордың басқа материалдары