Malim.kz
Саясат

Тоқаев пен Ердоған стратегиялық серіктестік туралы декларацияға қол қойды

Айбын Атабай
Ақорда

Қазақстан мен Түркия арасында мәңгілік достық туралы келісімге қол қойылды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. 

– Екіжақты келіссөздер мен Қазақстан – Түркия Жоғары деңгейдегі стратегиялық ынтымақтастық кеңесінің алтыншы отырысының қорытындысы бойынша Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен Президент Режеп Тайип Ердоған Қазақстан Республикасы мен Түркия Республикасы арасындағы мәңгілік достық және кеңейтілген стратегиялық серіктестік туралы декларацияға қол қойды, - делінген хабарламада. 

Айта кетелік, Қасым-Жомарт Тоқаев пен Режеп Тайип Ердоған Қазақстан – Түркия Жоғары деңгейдегі стратегиялық ынтымақтастық кеңесінің алтыншы отырысын өткізді.

Осыған дейін хабарлағанымыздай, Мемлекет басшысы Түркия Президентін «Қожа Ахмет Ясауи» орденімен марапаттады



 

Айбын Атабай
Автордың басқа материалдары