Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Malim.kz.
Құжатқа сәйкес, Қазақстан Республикасы Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік орган ретінде Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Аппараты құрылды.
Жаңа мемлекеттік орган Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынады және есеп береді.
Құжат мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіруге және Қауіпсіздік Кеңесінің қызметін ұйымдастырушылық тұрғыдан қамтамасыз етуге бағытталған.