Malim.kz
Қоғам

Тоқаев «Қазақстан барысы – 2025» турнирінің жеңімпазын құттықтады

Арман Қайыпхан

Мемлекет басшысы «Қазақстан барысы – 2025» турнирінің жеңімпазын құттықтады, деп хабарлайды Malim.kz.

«Марат Байкамуровты қазақ күресінен «Қазақстан барысы – 2025» турниріндегі жарқын жеңісімен құттықтаймын!

Ол тамаша өнер көрсетіп, жанкүйерлер көңілінен шықты.

Мемлекет қазақ күресінің дамуына алдағы уақытта да қолдау көрсете береді», - делінген құттықтауда.

Фото: https://www.instagram.com/qazaqstan_barysy

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары