Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жантілек Нұртілепұлын «Qazaqstan Barysy – 2026» турниріндегі жеңісімен құттықтады, деп хабарлайды Malim.kz.
Президент спортшының бұл жетістігі оның жеңіске деген жігері мен жоғары шеберлігінің нәтижесі екенін атап өтті.
Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, мұндай беделді жарыстар қазақ халқының ұлттық спорттағы дәстүрлерін дәріптеп, жас ұрпақты ұлттық спорт түрлерімен айналысуға ынталандырады.