Malim.kz
Қоғам

Тоқаев шахматтан жастар арасында әлем чемпионы атанған Қазыбек Нөгербекті құттықтады

Malim Админ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Шахматтан жастар арасындағы әлем чемпионы Қазыбек Нөгербекті құттықтады, деп хабарлайды Malim.kz.

2024 жылы 14 маусымда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үндістанның Гандинагар қаласында өткен халықаралық жарыста әлем чемпионы атанған Қазыбек Нөгербекке құттықтау жеделхатын жолдады.

Ел намысын қорғап, үздік шахматшы ретінде гроссмейстер дәрежесін иеленіп, жеңімпаз атану – зор жетістік. Ұлтымыздың абыройын асқақтататын өзің сияқты алғыр да ақылды ұрпақтың өсіп келе жатқаны қуантады. Алдағы уақытта да жарқын жеңістерге және арман-мақсаттарыңа жете беруіңе тілектеспін, - делінген жеделхатта.

Қазыбек Нөгербек 13 маусымда Делиде (Үндістан) өткен шахматшылар арасындағы 20 жасқа дейінгі әлем чемпионатында алтын медаль иеленді.

Классикалық шахматтан 11 тур өткізген жас қазақстандық 8,5 ұпай жинады.

Фото: Қазақстан шахмат федерациясы

Malim Админ
Автордың басқа материалдары