Malim.kz
Қоғам

Тоқаев Жасанды интеллектіні дамыту әдебі жөніндегі дінаралық комиссия құруды ұсынды

• Malim Админ

Жасанды интеллектіні дамыту әдебі жөніндегі дінаралық комиссия құру қажет. Бұл туралы Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары VIII Съезінің жалпы отырысында президент Қасым-Жомарт Тоқаев айтты.


Біз жасанды интеллект дамуынан елдердің қарқынды прогресі үшін жақсы мүмкіндіктер көріп отырмыз. Дегенмен, әдеп нормаларын сақтаудың айрықша маңызды екенін жақсы түсінеміз. Сондықтан бұл саладағы жан-жақты ынтымақтастыққа ашықпыз. Жасанды интеллектіні дамыту әдебі жөніндегі дінаралық комиссия құруды ұсынамын, — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысының пайымынша, аталған комиссия нейрожелілер мен өзге де серпінді технологияларды жауапкершілікпен пайдаланудың әмбебап қағидаттары жинағын әзірлеумен айналысар еді.

Сөз адам қадір-қасиетіне құрмет көрсету, кемсітушілікке жол бермеу, тағдыршешті сипатқа ие шешімдерге бақылау жасау дегенді білдіретін алгоритмдерге арналған өзіндік өсиеттер жайында болып отыр, — деді Президент.

Астанада Әлемдік діндер көшбасшыларының съезі өтіп жатыр.

Фото: Ақорда 

Malim Админ
Автордың басқа материалдары