Malim.kz
Қоғам

Тоқаевтың баспасөз хатшысы тағы бір лауазымға ие болды

Malim Админ

Халықаралық дзюдо федерациясы (IJF), Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз хатшысы әрі кеңесшісі Руслан Желдібайды жаңа технологиялар мен жоғары жетістіктер комиссиясының директоры қылып тағайындады деп хабарлайды malim.kz

Федерация бұл комиссияның миссиясын түсіндіріп өткен. Оған қарағанда, бұл комиссия заманауи технологияларды спотрсмен қауымдастық арасына енгізе отырып, оның этикалық тұрғыдан қайшылық тудырмауын қадағалайды. Сонымен бірге, дзюдо спортын әлеуметтік даму құралына айналуына көмектеседі.

Руслан Желдібайдың өзі бұл қызметтің қоғамдық негіздегі жұмыс екенін жазған.

Malim Админ
Автордың басқа материалдары