Malim.kz
Саясат

Тоқаевтың шақыруымен тамыз айында екі ел президенттері Қазақстанға келеді

Берік Дәулетов

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен өтетін алдағы іс-шаралар аңдатпасы жарияланды, деп хабарлайды Malim.kz.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен 2-3 тамыз күндері Конго Республикасының Президенті Дени Сассу-Нгессо Қазақстанға ресми сапармен келеді.

7-8 тамыз күндері Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёевтің елімізге мемлекеттік сапары болады.

9 тамыз күні Астанада Орталық Азия мемлекеттері басшыларының алтыншы Консультативтік кездесуі өтеді.

Фото: интернеттен

Берік Дәулетов
Автордың басқа материалдары