АҚШ президенті Дональд Трамп Айды Америка Құрама Штаттарының меншігі деп атады, деп хабарлайды Malim.kz.
Tengrinews мәліметінше, Трамп Truth Social әлеуметтік желісіндегі парақшасында Айдың суретін жариялап, оған "Ай – біздікі" деген жазба қалдырған. Суретте АҚШ туы да бейнеленген. Президент бұл мәлімдемесіне қатысты қосымша түсініктеме берген жоқ.
Бұған дейін Трамп әлеуметтік желіде бірқатар ерекше географиялық бастамаларын жариялаған. Соның ішінде Нью-Мексико штатының атауын "Жаңа Америка" деп өзгертуді ұсынған.
Айта кетейік, 1967 жылғы Ғарыш кеңістігі туралы халықаралық шартқа сәйкес, Ай мен басқа да аспан денелері қандай да бір мемлекеттің егемендігіне немесе меншігіне жатпайды. Сондықтан Трамптың әлеуметтік желідегі жазбасы АҚШ-қа Айға қатысты заңды меншік құқығын бермейді.