Трамптың ABC телеарнасына берген сұхбатында АҚШ әскері Ирандағы байытылған уран қорын қолға түсіруі мүмкін екенін жоққа шығармады, деп хабарлайды Malim.kz. BBC-ге сілтеме жасап.
Оның айтуынша, бұл уран атомдық отын өндіру үшін де, ядролық қару жасау үшін де пайдаланылуы мүмкін.
«Бәрі де мүмкін», — деді Трамп.
Оның сөзінше, АҚШ билігі әр 10 жыл сайын бұрынғы келісімдерге қайта оралуға мәжбүр болмауы тиіс. Трамп мұндай жағдай болмауы үшін қатаң саясат қажет екенін атап өтті.