Malim.kz
Әлем

Трамп: АҚШ Иран халқының еркіндікке ұмтылысын қолдайды

Арман Қайыпхан
Фото: REUTERS

АҚШ президенті Дональд Трамп Америка Құрама Штаттары Иранға еркіндікке қол жеткізуге көмектесуге дайын екенін айтты, деп хабарлайды Malim.kz. DW-ге сілтеме жасап.

Алайда Вашингтонның алдағы нақты қадамдары туралы ешқандай мәлімет келтірмеді. Иранда жаппай наразылық акциялары жалғасып жатыр.

АҚШ президенті Дональд Трамп Ирандағы наразылық білдірушілерге Вашингтон тарапынан қолдау көрсетілетінін мәлімдеді. Бұл туралы Ақ үй басшысы сенбі, 10 қаңтар күні Truth Social әлеуметтік желісіндегі жазбасында хабарлады.

«Иран (өзінің. – ред.) ЕРКІНДІГІН көріп отыр, бәлкім, бұрын-соңды болмағандай. АҚШ көмектесуге дайын!!!» – деп жазды америкалық көшбасшы. Ол Вашингтонның алдағы әрекеттеріне қатысты ешқандай нақты мәлімет бермеді.

Сонымен қатар Reuters агенттігі АҚШ арнайы қызметтерінің өкіліне сілтеме жасап, бұл «шыдамдылық шешуші рөл атқаратын күрес» екенін хабарлады. Оппозиция негізгі үкіметтік шенеуніктер өз жағына өтпейінше немесе елден кетпейінше қысымды күшейтуге тырысып жатыр. Ал билік қорқыныш ұялатуға ұмтылып, сонымен бірге АҚШ-қа араласуға сылтау бермеуге тырысуда, деп атап өтті агенттік дереккөзі.
Әлеуметтік желілерде наразылықтар Тегеранның бірқатар аудандарын, сондай-ақ елдің солтүстігіндегі Решт пен Тебриз қалаларын және оңтүстіктегі Ширазды қамтуы мүмкін екенін көрсететін бейнематериалдар тарауда. Reuters бұл хабарламалардың шынайылығын әзірге растаған жоқ.

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары