«Қорғаныс министрлігіне Иранның электр станциялары мен энергетикалық инфрақұрылымына кез келген әскери соққыларды бес күнге шегеруді тапсырдым», – деп жазды АҚШ президенті Truth Social әлеуметтік желісінде.
Оның айтуынша, соңғы екі күнде АҚШ пен Иран Таяу Шығыстағы өзара келіспеушіліктерді «толық және сөзсіз реттеу» жөнінде «өте жақсы әрі нәтижелі келіссөздер» өткізген. Ақ үй басшысы Тегеранмен келіссөздер «апта бойы жалғасатынын» мәлімдеді.
Трамптың бұл мәлімдемесінен кейін мұнай фьючерстері 11%-дан астамға төмендеді. Еуропада газ бағасы 8,9%-ға арзандап, ал әлемдік облигациялар бағасы өсе бастады.