АҚШ президенті Дональд Трамп АҚШ пен Израиль Иранға жаңа соққылар жасауды уақытша кейінге қалдырды, деп хабарлайды Malim.kz DW-ге сілтеме жасап.
Оның айтуынша, мұндай шешім Тегеран мен Таяу Шығыстағы бірқатар елдің өтінішінен кейін қабылданған.
Трамптың сөзінше, АҚШ ауқымды әскери соққы беруге дайын болған. Алайда Иран мен өңір елдері тараптар болашақ келісімнің негізгі шарттарын келіскенін айтып, шабуылды тоқтата тұруды сұраған.
Президенттің айтуынша, ықтимал келісім Ормуз бұғазын толық әрі дереу ашуды және Иран тарапынан туындайтын ядролық қатерді жоюды қамтуы тиіс.
«Бейбіт келісімге қол жеткізу мүмкіндігін ескере отырып, мен соққыны кейінге қалдыруға келістім. Израиль де бұл ұстанымды қолдайды», – деді Трамп.