Malim.kz
Әлем

Трамп: АҚШ-тың ұлттық болмысына қауіп төніп тұр

Арман Қайыпхан
Фото: Getty Images/AFP/S. Loeb

АҚШ президенті Дональд Трамп 4 шілде – АҚШ-тың ұлттық мерекесіне орай сөйлеген сөзінде елдің ұлттық болмысына қауіп төніп тұрғанын айтып, «коммунистік қауіптің» қайта күшейгені туралы ескертті, деп хабарлайды Malim.kz DW-ге сілтеме жасап.

Бұл мәлімдеме АҚШ-тың Тәуелсіздік декларациясының қабылдануының 250 жылдығы қарсаңында жасалды.

Трамп Рашмор ұлттық мемориалының алдында сөйлеген сөзінде ел ішіндегі саяси қарсыластарын «радикалдар» мен «экстремистер» деп атап, олардың АҚШ-тың тарихи құндылықтары мен ұлттық ерекшелігін өзгертуге тырысып жатқанын айтты.

«Осы ұлы мерейтой жақындаған сайын америкалық ұлттық болмысқа тағы да шабуыл жасалып жатқанын көріп отырмыз», – деді Ақ үй басшысы.

Оның айтуынша, соңғы жылдары АҚШ-тың «айрықша сипатын» өзгертуге және америкалықтарды өз тарихынан алыстатуға бағытталған «даусыз әрекеттер» жасалған.

Иммиграция мәселесіне де тоқталған Трамп: «Бұл елде міндетті түрде дүниеге келудің қажеті жоқ. Бірақ біз құрған мемлекетті сүю керек», – деді.

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары