Дональд Трамп BBC тілшілерін 2024 жылғы АҚШ президент сайлауының қорытындысына әсер етуге тырысты деп айыптады, деп хабарлайды ТАСС ақпарат агенттігі.
BBC-дегі басты тұлғалар, соның ішінде бастығы Тим Дэйви 6 қаңтарға қатысты менің өте жақсы (мінсіз!) сөзімді бұрмалап тастағаны үшін қызметінен кетіп жатыр/жұмыстан шығарылды. The Telegraph-қа осы жемқор «тілшілерді» әшкерелегені үшін рахмет. Бұлар президент сайлауының қорытындысына әсер етуге тырысқан опасыз адамдар. Оған қоса, олар көпшілік біздің бірінші одақтасымыз деп санайтын басқа елден. Демократия үшін қандай қорқынышты, - деп жазды Трамп Truth Social-да.
Дэйви бұған дейін 2021 жылдың 6 қаңтарында Трамптың Капитолийге шабуыл жасау туралы сөзін бұрмалауға қатысты жанжалға байланысты BBC бас директоры қызметінен кететінін мәлімдеген болатын. Корпорацияның жаңалықтар хабарларын тарату бөлімінің басшысы Дебора Тернесс те қызметінен кетті.
The Daily Telegraph мәліметінше, BBC-дің өткен жылдың қазан айында АҚШ президент сайлауы қарсаңында эфирге шыққан Panorama бағдарламасында Трамп сөзі АҚШ Капитолийін басып алуға шақырып жатқанын көрсететіндей етіп өңделген, ал шын мәнінде ол азаматтық көзқарастарды бейбіт жолмен білдіру қажеттілігі туралы айтқан. Ақ үйдің баспасөз хатшысы Кэролайн Ливитт бұған дейін BBC-ді жалған ақпарат берді деп айыптаған.
Ақпаратты ТАСС серіктес агенттігі ұсынды.