Malim.kz
Әлем

Трамп Иранды келіссөздерді созбалаңға салғаны үшін “баға төлейді” деп мәлімдеді

Арман Қайыпхан
Фото: The White House

АҚШ президенті Дональд Трамп Иран тым ұзаққа созылған келіссөздер үшін “баға төлейді” деп мәлімдеді. Бұл ескерту тараптар арасындағы соққылар алмасуынан кейін, америкалық тікұшақтың құлатылуына байланысты жасалды, деп хабарлайды Malim.kz CNN-ге сілтеме жасап.

Трамп Иранға Пәкістанның өтініші бойынша “үзіліс” бергенін, алайда бүгін оған қайтадан күшті соққы жасайтынын айтты.

Өз кезегінде Тегеран Вашингтонмен дипломатиялық байланыстарды түнгі жауап соққылардан кейін қайта қарастыратынын мәлімдеді.

Иран Ормуз бұғазы маңындағы өз нысандарына жасалған америкалық соққыларға жауап ретінде Иордания, Кувейт және Бахрейндегі АҚШ базаларына зымыран және дрон шабуылдарын жасаған.

Бұған дейін АҚШ әскері Ормуз бұғазы маңында құлаған тікұшақ оқиғасына жауап ретінде Иранның әуе қорғаныс жүйелеріне, жердегі басқару пункттеріне және радар станцияларына “пропорционалды жауап” аясында соққы жасағанын хабарлаған. Оқиға кезінде экипаждың екі мүшесі дрон-катердің көмегімен құтқарылған.

Ормуз бұғазы маңындағы үш стратегиялық нүктеде жарылыстар тіркелген. Иранның мемлекеттік телеарнасы екі су қоймасына соққы жасалып, өңірде су жүйесінде ақау пайда болғанын хабарлады.

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары