АҚШ-тың президенті Дональд Трамп Иранға қарсы жойқын соққы жасалуы мүмкін екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Malim.kz.
Бұл туралы ол өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
Оның айтуынша, бұрын нысана ретінде қарастырылмаған объектілерді толық жою мүмкіндігі де қарастырылып жатыр.
Трамп сондай-ақ Иран «мыңдаған жылда алғаш рет көрші елдерінен жеңілді» деп мәлімдеп, ел енді Таяу Шығыстағы «бұзақы емес, жеңілген тарап» екенін айтты. Оның пікірінше, бұл жағдай Иран капитуляция жасамайынша немесе толық күйремейінше ондаған жылға созылуы мүмкін.