АҚШ президенті Дональд Трамп Иранның тоғыз әскери кемесі жойылып, суға батырылды, деп хабарлайды Malim.kz. DW-ге сілтеме жасап.
Ол Truth Social желісіндегі жазбасында кейбір кемелердің «ірі әрі маңызды» болғанын атап өтті.
Трамптың айтуынша, АҚШ әскері Иран әскери-теңіз күштерінің штабына да елеулі соққы берген. Сонымен қатар ол «қалған кемелер де жақын арада теңіз түбіне кетеді» деп мәлімдеді.
Бұл ақпарат әзірге тәуелсіз дереккөздер арқылы толық расталған жоқ. Сарапшылар мұндай мәлімдемелер аймақтағы жағдайдың одан әрі ушығуына алып келуі мүмкін екенін ескертуде.