Malim.kz
Әлем

«Трамп кешірім сұрасын!»: Иран АҚШ-пен келіссөзге келмейтінін мәлімдеді

Айбын Атабай
Фото: vchal/Shutterstock/FOTODOM

Иран делегациясы АҚШ президенті Дональд Трамп айтқан қоқан-лоқы сөздер үшін кешірім сұрамайынша, Вашингтонмен келіссөзді қайта бастамайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Malim.kz ТАСС-қа сілтеме жасап. 

Швейцария аумағында АҚШ өкілдерімен келіссөзге қатысып жатқан Иран делегациясы ресми байланыстарды қайта жалғастыруға әзір емес.

Бұл туралы Al Mayadeen телеарнасы мәлім етті.

БАҚ хабарлауынша, Тегеран келіссөздердегі ұстанымын қатаңдатып, Ливан аумағындағы әскери іс-қимылды тоқтатуды және Израиль әскерін елдің оңтүстігінен шығаруды талап еткен.

Иран делегациясының басшысы АҚШ-қа қоқан-лоқы жасау мәселесінде сақ болуға кеңес берген.

Трамп кешірім сұрамайынша, келіссөздер қайта жалғаспайды, — деп хабарлады телеарна.

Сондай-ақ ирандық келіссөз жүргізушілер тек Ливандағы әскери қимылдарды тоқтатуды ғана емес, Израиль күштерін Оңтүстік Ливаннан толық шығаруды талап етіп отыр.

Айбын Атабай
Автордың басқа материалдары