Malim.kz
Әлем

Трамп: Ормуз бұғазы толығымен АҚШ бақылауында

Айгүл Таңатар
https://am.sputniknews.ru

АҚШ президенті Дональд Трамп 12 тамызда Ормуз бұғазын АҚШ «толық бақылауында» ұстап отырғанын мәлімдеді. Бұл мәлімдеме Вашингтон мен Тегеран арасындағы келіссөздер тоқыраған тұста жасалды.

Иран Ормуз бұғазын АҚШ-тың соғысты тоқтату және Тегеранның шетелдегі бұғатталған активтерін босату жөніндегі талаптарын орындағанға дейін ашпайтынын айтып отыр. Ал АҚШ бұғаздағы кеме қатынасын қалпына келтіруді талап етуде.
Стратегиялық су жолындағы жағдай әлемдік энергетика нарығына да әсер етуде. 12 тамызда бұғаз арқылы бар болғаны 8 кеме өткен. Соғысқа дейін бұл бағытпен тәулігіне шамамен 130-140 кеме қатынайтын.

13 тамызда Brent мұнайы барреліне шамамен 88,87 доллар болды. Мамандардың бақылауына қарасақ, Ормуздағы жағдайға байланысты мұнай нарығында құбылмалылық сақталатынға ұқсайды.

Айгүл Таңатар
Автордың басқа материалдары