Malim.kz
Әлем

Трамп өзін Венесуэла президентінің міндетін атқарушы деп жариялады

Айбын Атабай
әлеуметтік желіден

АҚШ президенті Дональд Трамп Truth Social әлеуметтік желідегі парақшасында өзінің жаңа лауазымға тағайындалғанын жариялады. Бұл туралы Stan.kz жазды.

Трамп желіде жариялаған жазбасында скриншот жариялады. Скриншотта 2026 жылғы қаңтардан бастап оның Венесуэла президентінің міндеттерін атқаратыны көрсетілген. Ол АҚШ президенті лауазымын да қатар алып жүр.

Еске салайық, бұған дейін АҚШ билігі Венесуэла президенті Николас Мадуроға есірткі саудасына, терроризммен байланысқа және қару-жараққа қатысты ауыр айыптар таққан. Нью-Йорктегі сотта ол өзіне тағылған айыптарды мойындамай, өзін әлі де Венесуэланың заңды президенті деп мәлімдеді. Ал Каракас бұл әрекеттерді мемлекеттік егемендікті бұзу деп бағалап, халықаралық қауымдастықты АҚШ-тың әрекетіне баға беруге шақырып отыр.

Айбын Атабай
Автордың басқа материалдары