Malim.kz
Әлем

Трамп пен Путин телефонмен сөйлесіп жатыр

Арман Қайыпхан

АҚШ президенті Дональд Трамп пен Ресей президенті Владимир Путин телефонмен сөйлесіп жатыр, деп хабарлайды Malim.kz.
Мұны Путиннің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков растады. Оның айтуынша, келіссөзден соң Кремльде брифинг болады.
Путинмен сөйлесетінін Трамп та Truth Social әлеуметтік желісінде хабарлаған. Путин де «Жаңа заманның мықты идеялары» форумында АҚШ президентімен тілдесетінін ескерткен.
Путин мен Трамп бұған дейін 14 маусымда сөйлескен.

Фото: Chris McGrath / Getty Images

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары