Malim.kz
Әлем

Трамп пен Путин жақын арада тағы да сөйлеседі

Арман Қайыпхан
Фото: Zuma/ТАСС

Ресей Федерациясы мен АҚШ президенттері Владимир Путин мен Дональд Трамп жақын арада тағы бір телефон әңгіме өткізеді. Бұл туралы Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков мәлімдеді, деп хабарлайды Malim.kz.

«Ең жақын уақытта. Біз сіздерге хабарлаймыз», – деді Песков журналистердің тиісті сұрағына жауап бере отырып.

Сондай-ақ одан Кремльде АҚШ президенті Дональд Трамп пен Украина президенті Владимир Зеленский арасындағы кеше өткен келіссөздерге қандай баға берілетіні сұралды.

«Олардың қалай өткенін білмейміз, сондықтан баға бере алмаймыз. РФ президенті мен АҚШ президенті осы келіссөздерден кейін тағы бір мәрте сөйлесуге уағдаласты. Сол кезде ақпарат аламыз», – деп жауап берді Кремль өкілі.

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары