АҚШ президенті Дональд Трамп Ресей Федерациясының басшысы Владимир Путин Украинаға жасаған шабуылын тоқтатуы керек екенін айтты және Түркияны ресейлік мұнайдан бас тартуға шақырды, деп хабарлайды Malim.kz.
NBC News мәліметінше, ол бұл туралы 25 қыркүйек, бейсенбі күні Түркия президенті Режеп Тайип Ердоғанмен бірге Ақ үйде журналистерге берген сұхбатында мәлімдеген.
«Мен оның Ресейден ешқандай мұнай сатып алмауын қалар едім, өйткені Ресей Украинаға қарсы шабуылды жалғастырып жатыр», – деді Ақ үй басшысы.
Материалда атап өтілгендей, Трамп «Ресейдің еш себепсіз көптеген адамдарды қырып жатқанын масқара жағдай» деп атады.
«Бұл – шынайы адам шығыны, сондықтан ол тоқтауы тиіс – Путин тоқтауы тиіс», – деп қосты АҚШ президенті.
Журналистер Ердоған Украинадағы қақтығысты реттеуде қандай да бір рөл атқара ала ма деген сұрақ қойды.
«Оның істей алатын ең дұрыс ісі – Ресейден мұнай мен газ алмау. Егер ол солай жасаса, бұл ең жақсы нұсқа болар еді», – деп жауап берді Трамп.
Фото: x.com/whitehouse