АҚШ президенті Дональд Трамп Ресейдің НАТО елдеріне шабуыл жасау ықтималдығы оны алаңдатпайтынын мәлімдеді. Бұл туралы ол Axios басылымына берген телефон сұхбатында айтты, деп хабарлайды Malim.kz.
Трамптан Ресейдің НАТО-ға мүше елдердің біріне қарсы арандатушылық әрекет жасауы мүмкін екеніне алаңдайтыны сұралған. АҚШ президенті мұндай қауіпке алаңдамайтынын және «ешқандай проблема жоқ» екенін айтты.
Оның сөзінше, Ресей президенті Владимир Путин НАТО аумағына шабуыл жасамайды.
Трамп сондай-ақ ОББ директоры Джон Рэтклиффтің Мәскеуге жақында жасаған сапарына қатысты пікір білдірді. Бұған дейін кейбір БАҚ Рэтклиффтің Ресей билігіне НАТО елдеріне ықтимал шабуылға байланысты ескерту жасау үшін барғанын жазған еді.
Алайда Трамп бұл ақпаратты жоққа шығарып, сапарды «қалыпты жұмыс кездесуі» деп атады. Оның айтуынша, Рэтклифф Ресейдің Сыртқы барлау қызметінің басшысы Сергей Нарышкинмен тұрақты түрде кездесіп тұрады және бұл жолы да ерекше жағдай болмаған.
25 тамызда Рэтклифф Мәскеуге барып, Нарышкинмен кездесті. Нарышкин кейін кездесудің болғанын растап, онда барлау саласындағы мәселелер талқыланғанын айтты.