АҚШ президенті Дональд Трамп Ресеймен сауда жасайтын мемлекеттерге санкция енгізу туралы ұсынысты қолдады, деп хабарлайды Malim.kz.
Ол егжей-тегжейге бармағанымен, «Бұл тізімге Иранды қосуға да болады» деп мәлімдеді.
Бұған дейін, қазан айында Сенаттағы республикалық көпшіліктің жетекшісі Джон Тьюн сенатор Линдси Грэм ұзақ уақыттан бері ілгерілетіп келе жатқан Ресейге қарсы санкциялар туралы заң жобасын дауысқа шығаруға дайын екенін айтқан. Дегенмен ол нақты мерзім белгілеуге асықпайтынын жеткізген.
Аталған заң жобасы қабылданса, Трамп Ресейдің энергия тасымалдаушыларын сатып алатын және Украинаға белсенді қолдау көрсетпейтін елдерден келетін импортқа 500 пайызға дейін баж салығын енгізе алады.