Давоста өтіп жатқан Дүниежүзілік экономикалық форумда АҚШ президенті Дональд Трамп Украинадағы соғыс жайында айтты, деп хабарлайды Malim.kz.
«Мен бір жыл бойы осы соғысты шешуге жұмыс істеп келемін, осы уақыт ішінде мен тағы 8 түрлі дауды реттедім. Үндістан – Пәкістан, Армения – Әзірбайжан және басқа да соғыстар бар. Владимир Путин маған қоңырау шалып: «Сен осы қақтығысты реттегеніңе сенбеймін» деді. Ол 35 жылға созылды. Мен оны бір күнде шештім. Ал Путин маған: «Мен бұл қақтығысқа 10 жыл жұмыс істедім, бірақ шеше алмадым» деді. Мен оған: «Маған бір жақсылық жаса — өз соғысыңды реттеуге назар аудар. Осы туралы уайымдама» дедім.»
«Бұл жұмыстан АҚШ не алады? Біз неге қол жеткіземіз? Өлім мен қирау, көмегімізді бағаламайтын адамдарға кетіп жатқан қомақты ақша ғана. Мен НАТО туралы айтып отырмын. Мен Еуропа туралы айтып отырмын. Оларға Украинамен айналысу керек, біз емес. АҚШ өте алыс. Бізді үлкен, әдемі мұхит бөліп тұр. Бұл біздің соғысымыз емес», - деді ол.
Оның айтуынша, Путин мәміле жасағысы келеді.
Мен Зеленский президентімен де жұмыс істеп жатырмын және ол да мәміле жасағысы келеді деп ойлаймын. Мен бүгін ол кісімен кездесемін, - деді Трамп.