Malim.kz
Әлем

Трамп: Үндістан Иранның орнына Венесуэладан мұнай сатып алады

Арман Қайыпхан
Фото: Jimmy Villalta/ZUMA Press Wire/IMAGO

АҚШ президенті Дональд Трамптың айтуынша, Үндістан Иран мұнайының орнына Венесуэла мұнайын сатып алатын болады, деп хабарлайды Malim.kz. DW-ге сілтеме жасап.

Бұл туралы ол 31 қаңтар, сенбі күні Флоридадан Вашингтонға ұшып бара жатқанда Air Force One ұшағының бортында мәлімдеді.

«Біз бұл келісімді, яғни оның тұжырымдамасын аяқтадық», — деді Трамп.

Бұл мәлімдеме Вашингтонның Нью-Делиге жақын арада Венесуэладан мұнай сатып алуды қайта бастауға болатынын хабарлағанынан кейінгі күні айтылды. Reuters агенттігінің үш дереккөзіне сүйенсек, бұл қадам Үндістанға Ресейден импортталатын мұнай көлемін алмастыруға көмектесуге бағытталған.

Сонымен қатар Трамп Қытайдың да АҚШ-пен Венесуэла мұнайын сатып алу жөнінде келісім жасасуы мүмкін екенін айтты.

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары