Malim.kz
Әлем

Трамп Венесуэланы АҚШ-тың 51-штаты ретінде көрсетілген картаны жариялады

Арман Қайыпхан
Фото: әлеуметтік желі

Жарияланған картада Венесуэла аумағы АҚШ туының түстерімен белгіленіп, жанында "51st State" («51-штат») деген жазу орналастырылған. Трамп бұл жарияланымға ешқандай түсініктеме берген жоқ, деп хабарлайды Malim.kz.

Бұл – америкалық көшбасшының АҚШ аумағын кеңейту туралы әзіл-қалжың түрінде пікір білдіруі алғаш рет емес. Бұған дейін ол Канаданы АҚШ-тың 51-штаты ретінде көргісі келетінін бірнеше рет айтқан.

Сондай-ақ Гренландияны ықтимал 52-штат, ал Венесуэланы 53-штат ретінде атаған болатын.

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары