Malim.kz
Әлем

Трамптың мәлімдемесінен кейін мұнай бағасы құлай бастады

• Мәди Саматұлы

Бейсенбі күні АҚШ президенті Дональд Трамптың мұнай бағасын төмендету туралы мәлімдемесінен кейін мұнай бағасы күрт төмендеді. Бұл туралы interfax.ru жазды, деп хабарлайды Malim.kz.

Ол Сауд Арабиясы мен ОПЕК-тен мұнай бағасын төмендетуді сұраған. Оның айтуынша, егер мұнай бағасы төмендесе, Ресей мен Украина арасындағы қақтығыс бірден аяқталады. Ал қазір баға жеткілікті жоғары деңгейде екенін айтады.

Астана уақыты бойынша 21:35-тегі дерекке сәйкес, Лондондағы ICE Futures биржасында Brent маркалы мұнайдың наурызға арналған фьючерстерінің бағасы барреліне 78,42 долларды құрады, бұл алдыңғы сауда-саттық жабылу бағасынан 0,58 долларға (0,73%) төмен.

Ал Нью-Йорктегі тауар биржасында (NYMEX) наурыз айына арналған WTI маркалы мұнайдың фьючерстері осы уақытта 0,72 долларға (0,95%) төмендеп, барреліне 74,72 доллар болды.

Мұнай бағасы төмендей бастаған кезде, мен пайыздық мөлшерлемелерді дереу азайтуды талап етемін, – деп мәлімдеді Трамп.

Мұнай нарығы қатысушылары Астана уақыты бойынша 22:00-де жарияланатын АҚШ-тағы энергия ресурстары қоры бойынша апта сайынғы есептің жариялануын күтіп отыр.

Ал Трамптың сөзіне дейін мұнай бағасы өскен болатын.

Фото: freepik

Мәди Саматұлы
Автордың басқа материалдары