Malim.kz
Қоғам

"Түгел өртенген, тек Құран кітабыма ештеңе болмаған": Алматыда өртенген балалар үйінде таңғажайып оқиға болды (ВИДЕО)

Қайсар Қанат
ашық дереккөзден

Алматы қаласында орналасқан, мыңдаған жетім балаға пана болған Әмина қажы Әжібаева басқаратын "Перзент" балалар үйінде өрт шықты, деп хабарлайды Malim.kz.

Балалар үйінің директоры Әмина қажы Әжібаева тілсіз жауға қарсы күрескен өрт сөндірушілерге шексіз ризашылығын білдіріп, ерекше оқиға туралы айтып берді.

"Бүгін біз үлкен сынақтан өттік. Таңғы төрттен бері құтқарушылар жанын салып жұмыс істеп жатыр, Алла разы болсын. Апасының басына күн туғанда бәрі бір үйдің баласындай жүгіріп келіп көмектесті. Ең таңғаларлығы – менің Құран кітабым мүлде жанбаған. Қару-жарақтарым түгел күйіп кеткен, ал Құран еш зақымданбапты. Бұл – Алланың ұлылығының айғағы", – дейді Әмина қажы.

Өрт орнына дер кезінде жеткен төтенше жағдай қызметкерлері ғимараттағы балалар мен қызметкерлерді аман-есен эвакуациялап үлгерген.

Қайсар Қанат
Автордың басқа материалдары