Қазгидромет 10 ақпанда бірқатар өңірде қолайсыз ауа райына байланысты дауылды ескерту жариялады, деп хабарлайды Malim.kz.
Синоптиктердің болжамы бойынша, Атырау облысында қар жауып, бұрқасын соғады, түнгі және таңғы уақытта тұман мен көктайғақ болады. Жел солтүстік-батыстан және батыстан соғып, екпіні 20 м/с-қа дейін жетеді.
Жетісу облысының солтүстігі мен таулы аудандарында тұман түсіп, жолдарда көктайғақ болады.
Түркістан облысының оңтүстігі мен батысында, сондай-ақ таулы өңірлерінде жауын-шашын жауады. Шымкент пен Түркістан қалаларында түнде және таңертең нөсер жауын жауады.
Маңғыстау облысында қар, көктайғақ және жаяу бұрқасын болады. Ақтауда қар жауады, желдің екпіні 20 м/с-қа дейін жетеді.
Астанада аралас жауын-шашын, көктайғақ және күндіз жаяу бұрқасын болады. Желдің екпіні 15–20 м/с, кей уақытта 23 м/с-қа дейін күшейеді.
Ұлытау, Қарағанды, Ақмола облыстарында жауын-шашынмен қатар бұрқасын, тұман және көктайғақ болады. Жекелеген аумақтарда желдің екпіні 28 м/с-қа дейін жетуі ықтимал. Жезқазған, Қарағанды және Көкшетау қалаларында да жолда көктайғақ болуы мүмкін.
Жамбыл, Қызылорда, Солтүстік Қазақстан, Ақтөбе және Абай облыстарында аралас жауын-шашын, тұман, көктайғақ және бұрқасын болады. Тараз, Қызылорда, Петропавл және Семей қалаларында жел күшейеді.
Шығыс Қазақстан мен Павлодар облыстарында да қар мен жаңбыр аралас жауын-шашын, бұрқасын және көктайғақ болады. Өскемен мен Павлодарда желдің екпіні 20 м/с-қа дейін жетеді.
Батыс Қазақстан және Қостанай облыстарында қар жауып, жаяу бұрқасын соғады, кей жерлерде тұман түседі. Оралқаласында түнде қарлы боран соғады.
Алматы облысының бірқатар ауданында тұман түсіп, желдің екпіні 17–22 м/с-қа дейін күшейеді. Алматы қаласында түнгі және таңғы уақытта тұман түсуі мүмкін, ал Қонаевта жел күшейеді.