Malim.kz
Әлем

Түнгі клубта өрт шығып, 23 адам қаза тапты

Арман Қайыпхан
Фото: видеодан скрин

Үндістанның Гоа штатында орналасқан түнгі клубта өрт шығып, кемінде 23 адам көз жұмды, деп хабарлайды Malim.kz. Indian Express сайтына сілтеме жасап.

Оқиға Апрора курорттық шағынауданында, Бага жағажайы маңында орналасқан Birch клубында жарты түн шамасында тіркелген. Полицияның алдын ала дерегінше, өртке газ баллонының жарылуы себеп болуы мүмкін.

Оқиға орнына бірнеше өрт сөндіру тобы жеткізіліп, құтқару жұмыстары жексенбі таңына дейін жалғасты.

Полиция басшысы Алок Кумардың айтуынша, қаза тапқандардың басым бөлігі – клуб қызметкерлері. Денелердің көбі бірінші қабаттағы асханадан табылған, бұл марқұмдардың жұмысшылар болуы мүмкін екенін көрсетеді. Сонымен қатар екі адамның денесі баспалдақ маңынан анықталған.

Өрттің нақты шығу себебі әлі тексерілуде

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары