Malim.kz
Әлем

Түркия Нетаньяхуды Интерпол арқылы халықаралық іздеуге бермек

Арман Қайыпхан
Фото: reuters

Түркия Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяхуға қатысты Интерполдан «қызыл хабарлама» жариялауды сұрамақ, деп хабарлайды Malim.kz DW-ге сілтеме жасап.

Түркияның Әділет министрі Акын Гюрлек бұл мәселе бойынша Ішкі істер министрлігіне жүгінгенін мәлімдеді.

Анкараның бұл шешімі Стамбұл Жоғарғы қылмыстық соты Нетаньяхуды қамауға алу туралы ордер шығарғаннан кейін қабылданды. Бұған 2026 жылғы мамырда Газа секторына гуманитарлық көмек жеткізбек болған Global Sumud флотилиясының ұсталғаны себеп болған.

Түркия Израильді жауапкершілікке тарту үшін барлық құқықтық тетікті пайдаланатынын мәлімдеді.

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары