Атырау облысында із-түзсіз жоғалып кеткен бір әулеттің тағдыры елді бейжай қалдырмады, деп Malim.kz тілшісі Arasha.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Арада біраз уақыт өтсе де, жоғалған төрт адамның тағдыры әлі күнге дейін белгісіз күйінде қалып отыр. Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін Жангелдин өңіріне барған Qazaq Airan арнасының журналисі отбасының туыстарымен сөйлескен.
Туыстарының айтуынша, күдікті қозғалыстар бірнеше елді қамтыған.
"Әлі күнге дейін тексеріп жатыр, қарап жатыр. Кейін Махамбетке (Махамбет ауылы – ред.) барған дейді. Кейін Сұлтан Түркияға 10 күн барып келген дейді. Содан кейін Түркиядан қайтып келген. Сосын Түркиядан келгеннен кейін Ақбаянды алып, Ақтауға барған. Сол Ақтаудан Шымкентке пойызбен барған дейді. Сосын шекарадан Ташкентке өткен. Ташкенттен тіке Куала Лумпур деген қалаға өтіп кеткен екен. 7 сағат ұшқан. Сол жақта туристердің қаласы бар, сол жақта деген ақпарат бар", – деді Шалқар Мұқанғалиев.