Malim.kz
Қоғам

"Түркияға апарамын деп алып алып кеткен": Атыраудағы трагедияға күдіктінің анасы ел естімеген сұмдық жайтты айтты (ВИДЕО)

Мадияр Қапанбек
Arasha.kz коллажы

Атырау облысында із-түссіз жоғалып кеткен отбасының ісі әлі күнге дейін қоғам назарында, деп хабарлайды Malim.kz.

Оқиғаға байланысты журналист Руслан Өтепбай арнайы зерттеу жүргізіп, авторлық бағдарламасы аясында Атырауға барып, істің мән-жайын анықтауға тырысқан. Тілші марқұмдардың туыстарымен кездесіп, олардың айтқан деректерін жария етті.

Бағдарлама барысында күдікке ілінген азаматтың анасы Гүлнәр сөз сөйлеп, отбасының бұрынғы өмірінен кей жайттарды баяндады.

"Қызым күйеу баламен Сирияға барған. 2019 жылы келді. Қызым күйеу баланың зорлығымен барып келді. Күйеу бала сол жақта қайтыс болды. Қызым аман-есен келді. Сол кезде кеткенін естідім, ұрыстым. Қазіргі таңда қызым 4 баласымен Атырауда тұрады. Басында күйеуі Түркияға апарамын деп алдап алып кеткен", – деп жауап берді анасы.

Еске салайық, қаңтар айының басында ерлі-зайыпты Мақсот Қарабалин мен Нәсіп Өтешқалиеваның мәйіттері өз үйлерінің ауласындағы шаруашылық нысанынан шамамен бір метр тереңдіктен табылған. Ал олардың балалары – Мейрамгүл Мұқанғалиева мен Наурыз Мұқанғалиев әлі күнге дейін іздестіріліп жатыр. Құқық қорғау органдары жүргізіп жатқан іздеу шаралары әзірге нақты нәтиже берген жоқ.

Тергеу нұсқасына сәйкес, оқиға алдында белгісіз адам ұлдарының атынан «ата-анамды Ташкентке емдетуге апарамын» деген сылтаумен отбасының ұсақ малын сата бастаған. Алайда туыстары күмәнданып, ірі қараны өткізуге жол бермеген.

Сонымен қатар тергеу барысында кенже қыз Ақбаян Мұқанғалиева мен оның күйеуі Сұлтан Сәрсемәлиевтің Шымкентке ұшып, кейін Өзбекстан шекарасынан өткені анықталған. Кей деректер бойынша, олар бұл елде де ұзақ тұрақтамаған.

Қазіргі таңда аталған тұлғаларға халықаралық іздеу жарияланған. Күйеу бала негізгі күдікті ретінде қарастырылып отыр. Тергеу амалдары жалғасуда.

Мадияр Қапанбек
Автордың басқа материалдары