Түркістан облысында әйелге шабуыл жасап, үйін тонады деген күдікпен екі ер адам ұсталды, деп хабарлайды Malim.kz.
Полицияның мәліметінше, оқиға түнгі сағат 2 шамасында болған. Күдіктілер ашық тұрған терезе арқылы үйге кірген. Сол кезде үй иесі жалғыз болған.
Ер адамдар әйелді ұрып-соғып, үйден бағалы заттарды іздеген. Олар кетер алдында жәбірленушінің ұялы телефонын алып, сырғасын жұлып кеткен. Кейін оқиға орнынан бой тасалаған.
Зардап шеккен әйел болған жағдай туралы шу естіген көршілеріне хабарласып, көмек сұраған.
Полицейлер күдіктілердің жеке басын анықтап, екеуін де ұстады. Қазіргі уақытта олар қамауда отыр. Істі тергеу үшін жедел-тергеу тобы құрылды.
Әйелдің жағдайы тұрақты деп бағаланып отыр.