Malim.kz
Қоғам

Түркістан облысында өзенге батқан сәбидің денесі табылды

Арман Қайыпхан
Фото: freepik.com

Түркістан облысының Сайрам ауданындағы Машат ауылында суға кеткен баланың денесі табылды, деп хабарлайды Malim.kz.

4 сәуір күні Машат өзенінде жүргізілген іздестіру-құтқару жұмыстары кезінде 2024 жылы туған баланың мәйіті анықталған.

Алдын ала мәлімет бойынша, сәби 31 наурыз күні өзенге құлап кеткен. Оны іздеу жұмыстары бірнеше күнге созылған.

Құтқарушылар баланың денесін оқиға орнынан шамамен 7 шақырым төмен жерден тапты.

Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары