Malim.kz
Қоғам

Түркістан облысында қар құрсауында қалған 4 адам құтқарылды

Арман Қайыпхан
Фото: ТЖМ

Түркістан облысының Бәйдібек ауданында облыстық маңызы бар Ұланбел–Созақ–Шаян–Екпінді автожолында көліктер қар құрсауында қалды, деп хабарлайды Malim.kz.

Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары оқиға орнына жедел жетіп, 4 адамды қауіпсіз жерге шығарды. Құтқарылған азаматтар Алғабас елді мекеніндегі жылыту пунктіне жеткізілді. Оларға медициналық көмек қажет болған жоқ.

ТЖМ азаматтарды қолайсыз ауа райы жағдайында алыс жолға шықпауға және жол қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтауға шақырады.

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары