Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің 112 жедел қызметіне Қазығұрт ауданына қарасты Атбұлақ ауылы маңындағы таулы аймақта ер адамның өздігінен төмен түсе алмай қалғаны туралы хабарлама келіп түсті, деп хабарлайды Malim.kz.
Оқиға орнына құтқарушылар жедел жіберілді. Мамандар қиын қолжетімді таулы аумақта шамамен 10 шақырым жол жүріп, азаматты тауып алды.
Құтқарушылар оған қажетті көмек көрсетіп, таудан аман-есен түсіріп, қауіпсіз жерге жеткізді. Медициналық көмек қажет болмаған.
Құтқарылған азамат ТЖМ қызметкерлерінің жедел әрі кәсіби әрекетіне алғыс білдірді.