Түркістан облысы, Сарыағаш ауданына қарасты Дарбаза ауылдық округінің тұрғыны Гүлнәр Әбдіраманова ауыл шаруашылығы саласында ұзақ жылдар бойы еңбек етіп келе жатқан тәжірибелі сауыншы. Ол «Sharkul Food» шаруа қожалығында 9 жылдан бері сауыншы қызметін атқарып келеді, деп хабарлайды Malim.kz.
Гүлнар Әбдіраманованың жалпы еңбек өтілі – 20 жылдан астам. Ол кәсіби қызметімен қатар, өз үйінде де мал ұстап, сүт өнімдерін өндірумен айналысып келген. Ісіне жауапкершілікпен қарап, еңбекқорлығымен ерекшеленетін ол, ұжым арасында да үлкен сый-құрметке ие.
Гүлнар Әбдіраманова — көпбалалы ана, жұбайы Бахтияр Әбдіраманов су шаруашылығы саласында механик болып жұмыс істейді. Олар отбасында бес баланы тәрбиелеп, өсіріп отыр, сондай-ақ екі немеренің асыл әжесі.
Мемлекет басшысы Ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің екінші форумында Гүлнәр Ұзақбайды «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапаттады.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі