Malim.kz
Әлем

Түркия билігі Instagram-ды бұғаттап тастады

Берік Дәулетов

Түркия жұма күні таңертең ел аумағында Instagram-ды бұғаттап тастады, деп хабарлайды Malim.kz.

Дегенмен билік оның себебін әзірге айтпады.

Әлеуметтік желі мобильдік қосымшада да, компьютерде де қолжетімсіз.

Ақпараттық технологиялар және байланыс жөніндегі кеңес шешімі бойынша 2 тамызда Instagram.com сайты бұғатталды, - делінген мәліметте.

Әзірге бұғаттау қанша уақытқа созылатыны белгісіз.

Фото: moneycontrol.com

Берік Дәулетов
Автордың басқа материалдары